Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
22 қараша күні Отпан тау етегінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын-2025» этнографиялық шарасы өтті. Шараға жергілікті саятшылармен қатар көрші Атырау, Ақтөбе облыстарынан да құсбегілер арнайы келді. Биылғы шара өлкеміздегі құсбегіліктің дамуына еңбек сіңірген өмірден ерте кеткен құсбегі, суретші-ұстаз Ертіс Есжановтың құрметіне арналды. Шараға Маңғыстау облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының, облыстық құсбегілер, саятшылар федерацияларының өкілдері, Ертістің туыстары, жора-жолдастары және отбасы қатысты.
Шараның мақсаты: Қазақтың бекзат өнері құсбегілік пен саятшылықты, яғни мылтықсыз аңшылықты насихаттау, оған жастар мен жұршылықтың қызығушылығын арттыру. Шараны жалпы жұртшылық қатысатын халықтық мерекеге айналдыру.
Шара барысында шараның дәстүрі бойынша құсбегілерге облыстық батагөйлер жарысының жеңімпазы Насреддин Қожырбайұлы арнаған аталық ақ батасын берді. Маңғыстаудағы саятшылық пен аңшылық туралы, бір өзі рулы елді, бір ауылды асыраған аңшылар туралы айтып өтіп, өлке аңшыларының әр түрлі дауыстарды айнытпай салып, оған аңдарды еліктіріп, алдап шақырып ұстау әдісін де меңгергендігі айтылды. Одан соң құсбегілер жарысы өтті.
Бұрында құсбегілердің дәстүрі бойынша алғашқы олжаны ауыл ақсақалының немесе елдің сыйлы адамының қанжығасына байлау деген салт болған. Сол ата дәстүрді бүгінгі құсбегілер де жалғастырып, батагөй ақсақал Насреддин Қожырбайұлының қанжығасына байлады.
Ал енді жаңадан құс баптап, томаға тартып жүрген жас құсбегілерге кәнігі бүркітші бата беріп, «Томаға тарту» салтын жасаған. Сол салтты бүгін жаңғырта отырып, республиканың 3 дүркін чемпионы, «Алтын тұғыр» атағының иегері бүркітші Айшуақ Тайманов кішкентай құсбегілерге «томаға тарту» салт-дәстүрін жасады.
Жарыс барысында қыран құстар бүркіттер мен қаршығалар боп екі топқа бөлініп 250 м қашықтан қолға шақырып қондыру, шырғаға, қоян мен кептерге түсіру арқылы жарыстар өтті. Жарыстан сүрінбей өткен құсбегілер жүлделі орындарға ие болды.
Бүркіт номинациясы бойынша: 1-орын Тұщыбек ауылынан Кемелханов Жаңабай, 2-орынды Ақтау қаласынан Балықбай Әлихан, 3-орынды Ақтөбе облысынан келген Шәкенов Мирбек иеленді.
Қаршыға номинациясы бойынша: 1-орын Асылжан Мерей Айшуақұлы, 2-орын Сахарбай Ержан Дәрменұлы, 3-орын Жәрдемов Әлсейіт Бекболатұлы (үшеуі де Тұщыбек ауылынан) иемденді. Басқа қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жүлдегерлерге медаль, диплом мен ақшалай сыйлықтар берілсе, қатысушыларға алғыс хат, заттай және ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Ертіс Есжанов атындағы арнайы кубокты жеңімпаз бүркітші Кемелханов Жаңабай қанжығасына байлады. Жарысқа кәнігі құсбегілер Айшуақ Тайманов, Арон Оспанғалиев және Абат Қуатов төрелік етті. Жүлдегерлерді кәсіпорын директоры Жадыра Кетеева, бөлім меңгерушісі және шараны ұйымдастырушы Жомарт Айдарбек, ҚР 3 дүркін чемпионы Айшуақ Тайманов және Ертістің туысы Хасан Сармурзин марапаттады. Шара соңынан Ертістің туыстары шараны ұйымдастырушы «Отпан» МКҚК қызметкерлеріне алғыстарын айтып, зор ризашылықтарын білдірді.
30 қыркүйек 2022
"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
28 тамыз 2022
"Берекелі дастархан"
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.


__0dfe38ef4ac5965081987fe66336b625.jpeg)
__35e1ae3f660e7263d7681323fd31d798.jpeg)


__9b922dd460e2e7e27e8cb3ca57faeba6.jpeg)





__9a02f0fe4e97b5edeae1f806c1da3056.jpeg)


__0bd43ca4f272e0d564adcf7acc3d1ec1.jpeg)
__92a06c882e53a56735469a7526257dab.jpeg)







__c39f91bc39cbfadd53c136b90eb3d4cc.jpeg)






























