Басты бет Ескерткіштер мен нысандар «Ана келбеті» құлпытасы
«Ана келбеті» құлпытасы
Адай атаның жұбайы кейпіндегі барлық қазақ аналарының құрметіне қойылған ескерткіш. Жүзінде айдың, жүрегінде күннің бейнесі. Бұл – ананың жүзі айдай жарық, жүрегі күндей ыстық деген мағынаны білдіреді. Құрсақ тұсындағы екі құс – ананың бауырынан түлеп ұшқан ұл-қызы. Ана – ошақтың иесі, үйдің киесі. Сол себепті «Ана келбеті» ескерткіші Адай атамыздың Ақордасы - Ақсарайдың жанына орналасқан. Құлпытас биіктігі 15 метр.
Жәрияланған күні:
5 ақпан 2024
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.





















