Қазағымның үнісің сен, домбыра
Ұлттық домбыра күні қарсаңында "Отпан"МКҚК "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері Тұщыбек ауылында Отпан Ауылы "Қазағымның үнісің сен, домбыра!" атты танымдық шара өткізді. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым! Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үнін естіп, күмбірлеген күй, асқақтаған ән, тәрбиесі мол жыр тыңдауға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Кеште кешеннің өнерлі қызметкерлерімен қатар ауыл өнерпаздары да өнер көрсетті. Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында басталған кеш соңы көпшіліктің сұрауымен эстрадалық әндермен жалғасты. Кешті ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Отпан ауылдық округінің әкімшілігіне, Тұщыбек Мектебіне және барлық кеште өнер көрсеткен өнерпаздарға кәсіпорын атынан алғысымызды білдіреміз! Әкелі-балалы Асылжан, Айшуак Таймановтар, Бекенжан Ер Төлеп , жұбайлар Раушан мен Дулат жары, Рахмет Тұрар, Муратбек Muratbek Kadirbaev және Набат Спайқызы Түркпенбаеваларға үлкен рахмет!
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.
























__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















