«Туған өлкем — мақтанышым».
23 қазан күні кешенде Республика күніне орай және «Адай ата - Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің 18 жыл толуына байланысты, кешенде «Туған өлкем - мақтанышым» атты туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, елге, жерге деген құрметті қалыптастыру және осы тақырыпта өз еңбегімен, шығармашылығымен үлес қосып жүрген өлке жанашырлары және рухани-ағартушылық бағыттағы блогерлермен сұхбат-шара өтті. Шараға кешен ардагері, "Мәдениет саласының үздігі" Данияр Аралбаев, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер Ерекен Қорабаев, қоғам белсендісі, Ұлттық кеңестің алғашқы мүшелерінің бірі Жәнібек Қожық, Онды ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаржаубай Көшен, "Аtatrip", "Tiltap" компанияларының негізін салушы полиглот кәсіпкер Ерсұлтан Ислам және Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Өзара түрлі қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, әсіресе оқушылар белсене қатысып отырды. Тұщыбек мектебінің оқушыллары: Советова Ұлжан домбырамен "Балбырауын" күйін күмбірлете төгілтсе, Амалбекқызы Жансая жетіген аспабында "Қоңыр қаз" күйін сыңғырлата шертті. Туған жерін ұлықтап, өлке сүйер өрендерге өнеге қалдырып жүрген өлке жанашырларының қатысуымен өткен кездесу-шара жоғарғы деңгейде өтті. Шара соңынан кәсіпорын басшысы Ж.Кетеева қонақтарға естелік сыйлықтар тапсырды.
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.


__388d4f54ad2944ef44f51d168e8d86ec.jpeg)
__54e242fe2ea842c2ae89df84588840b2.jpeg)
__639edf37fa442342dce776228fedf0ca.jpeg)
























__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















