"Берекелі дастархан"
Өткен аптаның сенбісі күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде "Берекелі дастархан" атты қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға арналған шеберлік сабақ-шара болып өтті. Шараға өлкемізде туристік сапарда дем алып жүрген көрші республикалардан келген қонақтар қатысты. Қонақтарға кешеннің қызметкерлері Н.Түркпенбаева, З.Еңсегенова, М.Нарешова, Р.Қаржаубаева мен жыңғылдылық Нұржамал Нұрасылова бауырсақ, құрт, балқаймақ, таба нан шыжықпен және қатырылған секер тағамдарының дайындау, жасалу әдістерін көрсетті. Қонақтар өздері де қызығу танытып қырғышты қолға алып, тағамды жасау процесіне араласып, істеп көрді. Содан соң киіз үйде, екі иінінен дем алған самауыр мен қызыл шоқта бүлк-бүлк қайнаған, қалампыр салып, сүт қатқан қою шайды сіміре отырып, қара қазан мен қызыл отта дайындалған тағамдардың рахаттана дәмін татты.
Жұртшылықтың сұрауы бойынша шара әлі де жалғасатын болады.
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.


















__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















