Табылдының рухты жырлары Отпан тауда қалықтады

10 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде қазақтың бард-ақыны Табылды Досымовтың 60 жылдығына арналған дәстүрлі "Биіктік" шарасы дүрілдеп өтті. Шараға өлкеміздің түкпір-түкпірінен гитарамен ән салатын атышулы өнерпаздар қатысты. Атап айтар болсақ: Айгүл Құбаш, Асанәлі Көшеров, Рафхат Ізден, Асылбек Құрманов сынды өнер жұлдыздарымен қатар Бақдаулет Толыбекұлы, Жомарт Маратов, Құрман Кенжеғали, Елубай Мұратов, Дәурен Тәжімұханов сынды болашағынан үлкен үміт күттірер өнерпаздар да Табылдыға арналған кештің сәнін келтірді. Бұл ән кешінде жастармен қатар 67 жастағы Басбаев Сәли ағамыз да Табылдының рухы үшін бар өнерін аямады. Әнші Айгүл Құбаш Табылды Досымов атындағы алғашқы "Сәйгүлік" конкурсының жеңімпазы болса, Боранқұл ауылының өнерпазы Дәурен Тәжімұханов Индерде өткен соңғы аймақтық конкурстың лауреаты болды. Ән кешіне арнайы келген Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, ақын-сазгер Ерекен Қорабаев Т.Досымовқа арнаған "Жаңғырды тауда Табылды ән" арнауын көпшілікке тарту етті.

Шара соңынан кәсіпорын директоры Ж.Кетеева қатысушыларға мекеменің арнайы Алғыс хатымен бірге кешен суреті бейнеленген картиналарды табыс етті. Кеш соңында отшашумен бірге дәстүрге сай Табылдының "Биіктік" әні бүкіл жұртшылықтың орындауында Отпан тау аспанында жаңғырды.

Құрметпен, Жомарт 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:20  Оқылған саны: 706




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40