Шетел білімі – Отан игілігіне

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай университетінің түлектері: «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның қызметкері Ерсұлтан Исламов мен «Си Бу» компаниясының инженері Саламат Айдарбек, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университеттің түлегі және «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің қызметкері Махаббат Жубанисова және Жыңғылды ауылындағы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.
Шараның басында кешеннің көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек кешен тарихы және кешенде өткізілген шаралар туралы қысқаша тоқталып, келуші жас мамандарға жұмыстарында табыс тіледі. Содан соң шетел оқу орнын бітірген жас мамандарға кезек берілді. Мамандар кезегімен оқушылар алдына шығып, дайындалған слайдтар бойынша оқушыларға университетте оқып жүрген кезеңдерінен әдемі әңгіме өрбітті. Соңынан оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір бөлісіп, шетелде оқу туралы көптеген мағлұматтар алды. Шара соңынан қонақтарға кәсіпорын атынан ескерткіш сыйлықтар тарту етілді.

Енді шараға қатысқан маман жастарды таныстырып өтейік:

Исламов Ерсұлтан Ғұбайдұллаұлы 1994 жылы туған. 13 мектеп-гимназиясын 2009 жылы тәмамдап, Қытай Халық Республикасында 2009 – 2011 жылдар аралығында қытай тілін меңгеріп, 2011 жылы Қытай Мұнай Университетіне «Мұнай ісі» мамандығына түсіп, 2015 жылы бітірді. Бүгінгі күнде «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясының қызметкері. Ол өзі дайындаған «Қытайда оқып жүр, талай қазақ баласы...» деген слайд-презентациясын оқушыларға таныстырып, қызықты әңгімелеп берді.

Айдарбек Саламат Жомартұлы 1992 жылы туған. 2011 жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Автоматика және басқару жүйелері» мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы Қытай мұнай университетінің «Геология, мұнай барлау» факультетіне түсіп, 2016 жылы бітірді. Қазіргі күнде Маңғыстаудағы «Си Бу» компаниясында инженер болып істейді.

Жубанисова Махаббат Нұржанқызы 1997 жылы туған. 2004 – 2015 жылдары Мұнайлы ауданының №1 орта мектебін оқып, бітірген. 2015 – 2019 жылдары Алматы облысындағы Сүлеймен Демирель атындағыуниверситетін «Журналистика мамандығы бойынша оқып жатыр. 2019 жылдың қаңтар айынан «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де қызмет істейді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 16:58  Оқылған саны: 16779




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40