Есіл ердің есімі ұлықталды
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты дәстүрлі патриоттық-танымдық шара өткізілді. Шараны «Отпан» МКҚК қызметкерлері ұйымдастырды. Шараға Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары, Совет Одағының батыры, жерлесіміз Жұмағали Қалдықараевтың туыстары қатысты. Шараның мақсаты – жастарға патриоттық рухта тәрбие беру, Ұлы Отан соғысында шаһит болған көпшілік жұрт әлі де біле бермейтін батырларымызды, олар жасаған ерліктерді насихаттау.
Кездесуге Ақтөбе қаласынан арнайы келген батырдың туыс інісі Тыныштық Сұлтанұлы Жұмағалидың майданға қалай тап болып, қалай ерлік көрсеткені туралы айтып өтсе, Жұмағалидың ағасы Қуанғалидың қызы Мақпал оның балалық, жастық шағы туралы, ал рулас ағайыны, журналист Қосаман Жайлы 2017 жылы мамыр айында Совет Одағының батыры Ж.Қалдықараевтың ерлікпен қаза тауып, жерленген жеріне зияраттау мақсатында ұйымдастырылған сапар Маңғыстау – Мозырь автокеруені туралы айтып берді және сол сапарда түсірілген фотосуреттерді кешен мұражайына тарту етті. Солармен бірге автокеруенге қатысқан кәсіпорын ардагері, «Мәдениет саласының үздігі» Д.Аралбаев мен аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Мыңбаев сөйлеп өтіп, кешен қызметкерлеріне батырларды еске сақтау және де басқа түрлі патриоттық шараларды үнемі ұйымдастыратындары үшін алғыс айтып, қатысушыларды алда келе жатқан «Отан қорғаушылар күні» және Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен құттықтады. Шара соңында батырдың туыс інісі Тыныштық Сұлтанұлы Беларуссияның Мозырь қаласындағыбауырластар зиратындағы Жұмағалидың жерленген жерінен алынған бір уыс топырақты болашақта кешенде ашылатын «Батырлар алаңына» орналастыру үшін кешен қызметкерлеріне тапсырды. Атаулы шарада Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары Шаңдыбай Жарқыл, Дінасыл Айдын, Алтынбек Аяулым және қатысушыларға Қазақстан композиторларының патриоттық әндерін орындап беріп, көпшіліктің алғысын алды.
Жомарт Айдарбек
18 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.































