Ай астында алтыбақан.

14 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен биылғы Жастар жылына орай «Отпан» МКҚК мен «Өрлеу» МҚК бірге ұйымдастыруымен Жыңғылды және Шайыр мәдениет үйлері қызметкерлерінің қатысуымен «Ай астында – алтыбақан» атты этнографиялық-көпшілік шара өткізілді. Шараға Маңғыстау ауданы Тұщыбек, Жыңғылды, Шетпе ауылының жастары, облыстық ғылыми-әдістемелік орталық қызметкерлері және т.б. қатысты.
Сан ғасырлар бойы қазақ жастарының ойын-сауық қана емес танысу, ой бөлісу, сырласу ортасына, қазіргі тілмен айтқанда алаңына айналған алтыбақан қазіргі күнде де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі адамдардың, әсіресе жастардың смартфон жаулаған санасын алтыбақан сияқты ұлттық асыл мұраларымыз ғана құтқара алады.Сондықтан алтыбақан ойын-сауық отауын дәстүрлі түрде тұрақты өткізіп тұру қажет сияқты.
Шара барысында ауыл өнерпаздары өнер (ән, күй, би, ) жарыстырып, тапқырлық таластырып (жаңылтпаш, мақал-мәтел айтудан жарыс), қайны мен жеңгенің, жезде мен балдыздың жеңіл де ұтқыр әзілдеріне кезек беріліп, қыз бен жігіт айтысып, дуылдаған алтыбақан думаны ақсүйекке ұласты.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 16:37  Оқылған саны: 7946




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40