«Шұбат мерекесі»
26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды шұбатпен емдеу шипажайының негізін салушы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Естөре Оразақовтың 115 жылдығына орай «Шұбат мерекесі» өтті. Шара барысында жүргізушілер Г.Шораева мен Д.Сырым Е.Оразақовтың өмірі мен қызметі туралы, шипалы сусын шұбат туралы, Е.Оразақов атындағы туберкулезді шұбатпен емдеу шипажайы туралы айта келіп, шипажай директоры А.Сегізбаевқа сөз берді. Сонан соң тақырыпқа сай шұбатқа қатысты бірнеше қызықты жарыстар мен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: таза шұбатты табу, шұбат дайындау әдісін баяндап беру, "Шымыр шұбат", шұбат ішу жарыстары өте қызықты да тартысты өтті. Жеңімпаздар елдің және ел ішінен таңдаған қазылар алқасының дауыс беруімен анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай, заттай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Өнерпаздар жиналған ауыл тұрғындарына өнерлерін шашу етті.
18 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.








































