«Өмірі өнерімен өрнектелген»

Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты шара болып өтті. Шара мақсаты: өлкемізге, респубикаға белгілі ардагеріміздің өнегелі өнерін жас ұрпаққа насихаттау, рухани қазынамыздың бірі – қазақи әндер мен киелі өлең екенін жастарға ұғындырып, сіңіру болатын.

Шараға ҚР Журналистер одағының мүшелері Мейрамбай Қибасов, «Парасат» қозғалысының байырғы мүшесі,  мәдениет саласының ардагері Гүлжамал Тынымбайқызы, Амал мерекесін өткізуді ұйымдастыратын жұмысшы тобының мүшесі, Дәкеңнің қанаттас інілерінің бірі Құралбай Қарабалаев, «Парасат» қозғалысының мүшесі,өлкемізде алғаш КВН ұйымдастырушылардың бірі, кәсіпкер Данияр Айса, «Отпан» ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев қатысып Данияр Аралбайұлының тума таланты мен еңбекқорлығын, елжанды елгезектігін, өнер мен достыққа адалдығын атап айтып, Дәкеңе жылы лебіздері мен шынайы ақ тіліектерін арнады. Сонымен қатар шараға Ақтау қаласының И.Сүйеубаев атындағы №8 орта мектептің оқушылары (жетекшісі Сәтқанова Гүлназ) қатысты.

Шара барысында Дәкеңнің бірнеше әндері сөзінің авторы, ҚР  Журналистер Одағының мүшесі, тележурналист Қожахмет Демеубергенұлының Дәкеңнің 70 жылдық мерейтойына арнап түсірген бейнефильмі тамашаланды. Өлкемізге ғана емес республикаға белгілі әншілер Асқар Көшеров, Жасұлан Өмірзақов, Серіжан Масжанов пен Аида Байгелова Данияр Аралбайұлының бірнеше әндерін орындап,қатысушылардың алғысына бөленді.

Шара соңында Данияр аға 70 жылдыққа байланысты Абай атындағы мәдениет сарайында өткен шығармашылық кешті ұйымдастыруға атсалысқан Мейрамбай Қибасов пен демеушілік көрсеткен Данияр Айсаның иықтарына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

 

Кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек

   

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 15:57  Оқылған саны: 13722




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40