«КӨКМОЙНАҚ» командасына құрмет көрсетілді

8 маусым күні "Адай ата- Отпан тау" кешені және "Ұлы дала жорығы" РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен облыстың жаңа әкімі Н.И.Қилыбай мен биылғы "Ұлы дала жорығы" марафонында жүлделі 2-орын алған "Көкмойнақ" командасы мүшелерінің кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары Е.Ізбергенов, А.Өрісбаев, Т.Әбішев, Маңғыстау облысы "Жорық" федерациясының президенті И.Қалдаманов, "Көкмойнақ" командасының атбегілері Б.Мұқырбаев, Д.Тұқымбай, демеуші Р.Борашев, биылғы "Ұлы дала жорығы-2024" марафонына қатысқан шабандоздар Нұрсағын Тұқымбай, Мағжан Абдолұлы, Тұрарбек Болатұлы, Ерболат Жаңбырбай, Нұрсұлтан Құмарова, т.б. және "Көкмойнақ" командасының жанкүйерлері қатысты.

Кездесуге қатысушылар әуелі Адай ата кесенесіне зиярат етіп, батыр бабалар рухына , дұға қылып, кешендегі ескерткіштерді тамашалап, Ақсарай мұражайын аралады. Одан кейін "Қарашаңырақта" жиналған көпшілікпен кездесу өтті және марафон жүлдегерлерінің құрметіне қонақасы берілді. Қонақасы соңынан ел ақсақалдары мен Бекет ата ұрпақтары ел азаттары мен атбегі, шабандоздарға баталарын беріп, бабалар рухына құран бағыштады.  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 17:21  Оқылған саны: 3261




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40