"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"

Аналар мерекесі қарсаңында "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде кәсіпорын қызметкерлерінің аналарына арналған "Өмірдің нәрі -әлемнің бәрі" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға Советов Болатжанның анасы Садықова Жазық апай, Шораева Гүлбанудың анасы Түзелбаева Роза , Марғұланның анасы Ізтұрғанқызы Бәтима, Аманжол мен Қанағаттың анасы Қанатбайқызы Гүлнар ханымдар қатысты. Кәсіпорын жігіттері аналарды есік алдынан салтанатты әуенмен қарсы алып, балалары қолтықтарынан демеп төрге шығарып, құрмет көрсетті. Шараны жүргізуші Дулат Сырым аналарды, кешен аруларын мерекемен құттықтап, аналардың әрқайсына арнайы дайындалған бейнеролик арқылы қысқаша өмірбаяндарымен таныстыра келіп, өздеріне сөз берді. Содан соң балалары аналарына арнап өздері дайындаған сый-сияпаттарын тарту етті. Қаладан арнайы тосын сый жасап отбасымен келген ұлы анасына арнап ән-жырдан шашу шашса, енді бірінің ұлы мен қызы өз қолдарынан жасаған гүлдесте мен тортын, келесісі анасына әдемі қамзол кигізсе, біреуі құшағын алқызыл раушан гүлге толтырып, риясыз алғыстары мен ақ тілектерін арнады. Кеш соңында қызметкерлер "Балалық шақты сағыну" атты бала кездегі ойындарды ойнаудан көрініс көрсетті. Қыздар жағы класс, бестас, т.б. ойнаса, ұлдар жағы сақа шиырып, асыққа кірісіп кетті. Кешен жігіттері кәсіпорынның қыз-келіншектеріне арнаған гүл шоқтары мен сыйлықтарын және ән шашуларын шашты.  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:55  Оқылған саны: 1995




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40