"Қазақстан мұнайының ашылғанына 115 жыл"
11 қыркүйек күні 2014 жыл «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени орталығында Қазақстан мұнайының ашылғанына 115 жыл толуына орай Маңғыстаудың ардагер мұнайшылары Әлібаев Көшербай, Сүйіндіков Ізтұрған және Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушыларының кездесу шарасы өтті.
Кездесуді «Отпан» МКҚК директорының орынбасары Данияр Аралбаев ашып берді Маңғыстау мұнайын алғаш барлап, өндірушілер: алғашқы мұнай атқылауына куә болғандардың бірі Сүйіндіков Ізтұрған мен «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Әлібаев Көшербай мұнайшылық ғұмырының сәттерінен сыр шертіп, оқушыларға әңгімелеп берді.
Оқушылар ардагер мұнайшыларға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Қарт мұнайшылар болашақ мұнайшыларға жүрекжарды тілектерін айтып, баталарын берді. Кеш соңы қонақтар Адай Ата кесенесіне зиярат етіп, «Ақсарай» мұражайын тамашалауға ұласты.
18 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.































