"Алуан түрлі кәсіп бар"

25 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-танымдық этно-мәдени кешенінде "Алуан түрлі кәсіп бар" деп аталатын шара болып өтті. Шараның мақсаты: оқушылар мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу, бағыт беру. Шараға Шетпе кентінің жеке кәсіпкерлері; "Заңғар-Асу" қоғамдық қорының директоры Аққалам Дүйсенбаева, ұлттық қолөнер шебері Бөкенбаев Бауыржан, компьютер бағдарламаларының маманы Алтыбаев Есімхан және Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары қатысты. Шара қонақтары өздері айналысатын кәсіптері мен оның ерекшеліктері туралы айтып, қызықты әңгіме өрілді. Оқушылар өздері қызықтырған сұрақтарына тұщымды жауап алып, ризалық сезімдерін ыстық шапалақтарымен білдірді. Бауыржан шебердің қолынан шыққан тастан қашалған бұйымдар көрермендер назарына ұсынылды. Шараны ұйымдастырушы кешен қызметкерлері қонақтарға ризалық сезіммен маңғыстаулық сатирик ақын, сазгер, қазақы әзілдің майталманы марқұм Қыдырбай Тұрмағамбетұлының "Көңіліңде жүрсем көбірек" атты кітабын сыйға тартты.

 

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:55  Оқылған саны: 5123




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40