ОТПАНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ

4 наурыз күні "Отпан" МКҚК "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Ұлттық киімдер күні мен Аналар мерекесіне арналған "Сән үлгісі – көркем мінез" атты шара өтті. Шарада маңғыстаулық ұлттық сән киімдерінің шеберлері Айнұр Таңбайқызы мен Ақбөбек Аязханқызының туындыларынан ұлттық киім үлгілері көрсетілді. Қатысушыларға ұлттық киімдердің тарихы, мәдениеті туралы мағыналы ақпараттар беріліп, дәстүрлі және заманауи сән үлгілерінің айырмашылықтары түсіндірілді. Шарадағы барлық қонақтар мен кешен қызметкерлері ұлттық киіммен келіп, мерекеге одан сайын сән бере түсті.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілген бұл шара соңында Маңғыстау ауданының әншілері, облыстық, республикалық конкурстардың лауреаттары Әбубәкір Нұрниязов пен Ерлан Жылқыбаевмен кешен өнерпаздары абат Түркпенбаева, Жомарт Айдарбек және Рахмет Тұрар шара қатысушы аналар мен аруларға арнап әсем ән шырқап, күмбірлете күй төкті. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:59  Оқылған саны: 3521




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40