Отпанда отан қорғаушыларды шығарып салды
22 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізіліп отырған «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде әскер қатарына аттанушы жастарды «Отан қорғау – азаматтық парызың» атты патриоттық шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданының әскер қатарына шақырылған 10 жігіті, Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, республика Қарулы күштерінің ардагері, ауыл ақсақалдары, «Отпан» ауылдық округінің әкімі, «Отпан» МКҚК қызметкерлері қатысты.
Шара ҚР Әнұранын айтумен басталды. «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Мусаев Нұрлан, Маңғыстау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісім шарт бойынша қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы Шегебаев Нұркелді Саматұлы, «Отпан» ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев шараға қатысушыларға шараға атсалысқандары үшін рахмет айтып, Отан қорғау әрбір ер азаматтың парызы екенін айта келіп, әскер қатарына шақырылған жастарға ақ жол тіледі. Олардан кейін сөз алған ҚР Қарулы күштерінің ардагері, запастағы майор Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы қазір әскердегі көптеген проблемалар шешіліп, тәртіп бұзушылық жоққа тән екенін, сондықтан әскер қатарына уайымсыз аттануға болатынын айтып өтіп, әскери қызметтің көптеген тиімді жақтарын айта келіп, әскерге барып келген жастарды әскери қызметке шақырды. Ал әскер қатарынан жақында оралған сарбаз Досымов Мағжан Қарулы күштер ардагерінің айтқаны рас екенін, әскерде темірдей тәртіп екенін айта келіп, өзінің де әскери қызметкер болу ойы бар екенін айтты.
Дәстүр бойынша әскер қатарына аттанып бара жатқан ұландарға «Ата жұрт аманатын» тапсыру құрметі кәсіпорын ардагері Данияр Аралбаевқа берілді.
«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» дейді халық. Тұщыбек ауылының ақсақалы, еңбек ардагері Берекет Төлепбергенов әскер қатарына аттанып бара жатқан жас ұландарға аталық ақ батасын берді.
Содан соң шараға қатысушылар «Рухани жаңғыру» аясында өткізіліп жатқан шаралардың бірі, Маңғыстауға алғаш елді бастап келген баһадұрлардың бірі, аты аңызға айналған Есенғұлұлы Есек батырға арналған Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары дайындаған «Ел қорғаған Есек мерген» атты этнографиялық қойылымды тамашалады. Мектеп ұстазы Ерманова Фаризаның жетекшілігімен оқушылар Айдын Дінасылұлы, Мекен Қаниев, Нұран Ерасыл, Бектұрған Бекзат, Жанғали Ерасыл, Талғатов Берекет және Батырғожа Азамат өздеріне жүктелген рөлдерді шынайы орындап шығып, көрермендердің зор қошаметіне ие болды.
Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК
18 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.

































