Отпанда «Ұрпаққа мұра» акциясы өтті

13 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Ақсарай ғимаратында «ҰРПАҚҚА МҰРА» акция-шарасы өтті. Шара халықтың  тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын  қолөнер бұйымдарын, қылқалам туындыларын, тұрмыстық бұйымдар, ескі қолжазбалар мен кітаптарды, ұсталар мен шеберлердің еңбек құралдарын, ҰОС және еңбек ардагерлерінің құжаттарын жинақтау арқылы өлкеміздің өткенін келешек ұрпаққа жеткізу және музей қорын толықтыру, жинақтау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Әрбір халықтың, ұлттық ерекшеліктері мен  мәдениеті, салт-дәстүрі,  әдет-ғұрыптары және заттай мұралары болады. Ғасырлар бойы сақталып, өз мәні мен сәнін жоймай келе жатқан салт-дәстүрлердің де бары анық. Алайда уақыт өте келе ескіріп, тіпті ұмыт қалып  жатқан жәдігерлер де аз емес.  Ата – бабамыздан мирас болып  қалған мұралардың  сақталу керектігін  білсе де,  немқұрайды қарайтын жастарымыздың  бары жасырын емес.  Осындай немқұрайдылықтың салдарынан кейінгі ұрпақ уақыт өте келе асыл қазыналарымызды  ұмытуға дейін жетуі мүмкін.  Сондықтан өскелең ұрпақ үшін  атадан мұра болып қалған құндылықтарымызды, соның ішінде материалдық мұраларды әрқайсымыз дәріптеп, сақтауымыз қажет.

Акцияға өлке тұрғындары белсене қатысып, музей қоры бірнеше (108) музейлік маңызы бар затпен толықты. Оның ішінде: Қосай Атағозы батыр ұрпақтарының атынан Төлесін аға Атағозы батырдың бауырларымен жорықтағы кезі бейнеленген картина мен  батырдың портретін, Шетпе тұрғыны Қадиев Үгіт ағамыз өзінің жеке кітапханасынан бірнеше кітаптарын сыйға берді. Сәулетші, мүсінші Көшер Байғазиев Қашаған Күржіманұлының мүсінінің макетін сыйға берді. Қарақия, Маңғыстау аудандары мен Ақтау қаласының Құрметті азаматы, кешен ардагері Данияр Аралбаев өзінің жеке кітапханасынан 50 томдық Маңғыстау қаламгерлерінің жинағын, ақын, ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адай өзінің соңғы шыққан бірнеше кітабын тапсырды музей қорына тапсырды. Жармыш ауылының тұрғыны Әбілтөреев Бекарыс анасының қолданған диірмен тас, жүн тарағын  тапсырды. Маңғыстау-4 ауылының тұрғыны Анғалбаева Ақкенже апамыз жүкаяқ, сандық, тықыр кілемін сыйға берді. Қызан аулының тұрғыны, зейнеткер, жылқышы, Нәрешев Күмісбек өзінің қолданған ерін және "Өміріме өкпем жоқ" атты, белгілі қылқалам шебері Айтбай Құлбайдың ұлы Бақытжан әкесінің шығармалары енген  кітапты, кешен жанашыры Өтежен Советов өзінің жеке коллекциясынан диірмен тасын сыйға тартты.

Шара соңында қонақтарымыз кешен қызметкерлеріне жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Акция барысында облыс тұрғындарының әкелген заттарынан уақытша көрме жасақталды.

Шара соңында «Отпан» МКҚК директоры  Кетеева Жадыра шараға атсалысқан азаматтарға кәсіпорын атынан Алғыс хаттар естелік сыйлықтар тапсырды.

Акция жыл соңына дейін жалғаса береді. Облыс тұрғындарын  музейге жәдігер жинауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:32  Оқылған саны: 2965




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40