Отпан тауда дәстүрлі ақындар кездесуі өтті.

13 сәуір күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде дәстүрлі аға буын ақындар мен жас талап ақындардың кездесуі болып өтті. Бұл жолғы кездесуге осы кешен идеясының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың, Құрмет орденінің иегері  ақиық ақын Сабыр Адай мен Ақшымырау ауылының Т.Әлниязұлы атындағы, Қызан ауылының Ә.Жангелдин атындағы орта мектептердің, Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Сабыр ақын кешеннің салыну мақсаты мен идеясын оқушыларға түсіндіріп, еліміздің және өлке тарихы туралы, ел қорғаған батырлар туралы, әсерлі әңгімелеп берді. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі-түрлі сұрақтарын қойып, Сабыр Шеркешбайұлы сұрақтарға тұщымды жауап берді.

Сұрақ-жауаптан соң 3 мектептің оқушылары: Т.Әлниязұлы атындағы мектептің жас өрендері Сейтжанқызы Арай, Арыстанбай Гүлжанат, Рахметұлы Жандос, Жангелдин атындағы  мектеп жас ақыны Рашидова Айнаштұмар, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ақын жанды ұландары  Саматқызы Айсары мен Текебай Мөлдір кезектерімен шығып бірі ақын ағаларының жауһар жырларын оқыса, енді бірі өздерінің балауса өлеңдерін  оқып, өнерлерін ортаға салып, ақынның батасын алды. Сабыр ақын қолтаңба альбомына қолтаңбасын қалдырып, ақшымыраулық жас талап Рахметұлы Жандосқа «Алтынзер» жыр жинағын қолтаңбасымен сыйға тартты.

Кеш соңынан Ақшымырау ауылының әкімі Айдос Шамғұлов, Ақшымырау ауылы мәдениет үйінің директоры Қосқали Тындырғанов және Т.Әлниязұлы атындағы мектеп директоры Бекарыс Телеғұсов мырзалар Сабыр ақынға шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Шара соңынан қонақтар естелікке суретке түсіп, Адай ата кесенесін зиярат етті.

Кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 04:29  Оқылған саны: 7033




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40