Мифологияға саяхат

Бүгін Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейде "Мифологияға саяхат" атты облыстық экскурсоводтар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандарды патриоттық бағытта тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiруге, қазақтың салт-дәстүрiн танып бiлуге және қазақ мифология ғылымының негiзiн салушы С.Қондыбайдың өмiрi мен шығармашылығы туралы ой-танымын арттыру. Бұл сайыс С.Қондыбайдың 55 жылдығына орай өткiзiлген болатын.

Сайыс 5 бөлiмнен тұрады:

1.Өзiн-өзi таныстыру. "Мен тартымды экскурсияны былайша жүргiзер едiм". Эссе қорғау.

2.Маңғыстау ғажайыптары. (Маңғыстаудың киелi жерлерi туралы сұраққа жауап)

3.С.Қондыбайдың ғылыми еңбектерiне шолу.

4.Бiр экспонаттың тарихы бойынша шолу. Өз музейiнiң бойтұмарына айналған экспонатқа видеоролик жасау.

5.Ситуациялық сұрақтар.

Сайыс жоғары дәрежеде өтті. Барлық жас мамандардың ұқыпты дайындалып келгенi көңiл қуантарлық жағдай. Осы сайысқа қатысқан "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенiнің жас маман Сырым Дулат Беркiнұлы топ ішінен оза шауып 1-орынды иелендi. Дулат жұмысқа жақында қабылданса да, қысқа уақыт ішінде қабілетін танытып, экскурсовод мамандығын тез игеріп алғанын көрсетті. Жас мамандардың шеберлігін шыңдауға бағытталған осындай сайыстар жиі өтiп нұр үстiне нұр болар едi ... 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:55  Оқылған саны: 1621




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40