Кешенде дәстүрлі «Берекелi дастархан» шарасы өтті.

Қазақ халқы қай уақытта да асты жоғары бағалаған. Халық арасында "Астан ұлы емессiң", "Ердi қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар" ,"Ауру - астан..." деген мақал-мәтелдер бар.

Осы орайда 1 тамыз күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде ұлттық тағамдарымыздың адам денсаулығына пайдасы зор екенiн дәріптеп, насихаттайтын, жылда дәстүрлi түрде өткізілетiн "Берекелi дастархан" атты шара болып өттi. Шараға Алматы, Атырау, Ақтөбе, Құлсары, Ақтау қалаларынан келген қонақтар қатысты. Шараның негiзгi мақсаты: өскелең ұрпақты қазақ халқының тағамдарымен, тамақ пісіру әдістерімен, әдебімен таныстыра отырып, ұлттық тағамдарды дайындау, сақтау және тұтынудың ұлтымызға тән қалыптасқан мәдениетін насихаттап, дәріптеу.

Бүгiнгi шарада ұлттық сүт тағамдарымен қатар "Қарын бүрме" және "Әсiп" атты ет тағамдарының жасалу жолдары түсiндiрілiп, көрсетіліп, келген көрермен қонақтарға таныстырып, алдарына ұсынылды. Қонақтар тағамдардан ауыз тиіп, шараны жүргізуші және тағамдарды дайындаушы З.Еңсегеноваға жақсы баға беріп, жылы лебіздерін білдірді. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 09:36  Оқылған саны: 570




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40