«Сазгерлер сыры»
7 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат оқушыларымен «Сазгерлер сыры» атты кездесуі болып өтті.
Кездесуді тарих бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек жүргізіп отырды.. Қонақтар өздері туралы айтып, оларға тыңдармандар тарапынан сұрақтар қойылды. Кездесуде залдағы монитор арқылы сазгерлердің өмірі, шығармашылығы туралы слайдтар көрсе-тіліп, ақын-жазушылардың баспадан шыққан шығармаларынан жасалынған көрме оқушылар назарына ұсынылды.
Ақтау қалалық №21 орта мектеп мұғалімі, әнші Алтай Сәдуақасов пен М. Өскенбаев атындағы облыстық филармония әншісі Марат Сапаровтың қатысуымен сазгерлердің әндерінен шағын концерт берілді. Кездесу соңында қонақтарға кәсіпорын атынан естелік сый-сияпат тапсырылды. Қатысушылар Адай ата кесенесіне зиярат етіп, естелікке суретке түсті.
18 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.




























