«Өлке мақтаныштары»

20 мамырда «Өлке мақтаныштары» атты мәдениет қызметкерлері күндеріне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, оған Маңғыстау облысы өнер колледжінің 2 курс студенттері мен ұстаздары қатысты.Шараға шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері әнші Әбіл Жұмағалиев, сазгер Сағынғали Нұрғожаев және «ҚР мәдениетінің үздігі» бард-сазгер Данияр Аралбайұлы Маңғыстау өнер колледжі студенттерімен кездесті.

Мәдениет қайраткерлерінің қысқаша өмірбаяны айтылып, өнер жолдарына шолу жасалды. Кездесу барысында олар өз репертуарларынан көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Студенттер қонақтарға сұрақтар қойды. Кеш соңында «Отпан» кәсіпорны атынан мәдениет және өнер ардагерлеріне естелік сый-сияпат жасалып, өнерлі студенттер ардагер ағаларымен естелікке суретке түсті, Адай ата кесенесіне барып, зиярат етті.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:18  Оқылған саны: 15645




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40