«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін атқарушы Д.Аралбай жиынға қатысушыларға арнап, арнайы сөз сөйлеп шараны ашып берді.

 ҚР мәдениет қайраткері әнші Жоламан Көшкінов шараны жүргізіп отырды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Шади Абдуллаев, ақын Сабыр Адай, әскер қатарына шақырылған жастардың ата-аналары, әскер қатарында қызмет етіп жүрген сарбаздар өкілі сөз сөйлеп, әскерге шақырылған жастарды Отанына адал қызмет етуге шақырды. 

«Отпан» МКҚК-ның директоры м/а Данияр Аралбай, ақын Сабыр Адай әскер қатарына шақырылған жастарға арнайы бетшеге жазылған «Ата жұрт аманатын» тапсырды. Аманат тапсырылған жастар өкілінің бірі сөз алып, ата-баба салтымен өздеріне тапсырылған аманатты адал да абыроймен орындайтындарын айтып, әскер қатарына шақырылған жастар атынан уәде берді.

 Әскер қатарына шақырылған жастарға ақсақалдар атынан Маңғыстау облыстық алғашқы батагерлер байқауының жеңімпазы Сүйеуов Базархан Әбуұлы бата берді. Шара соңында арнайы шекара бөлімнің сарбаздары қоян-қолтық айқас соғыс өнерінен көріністер көрсетті.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:17  Оқылған саны: 15439




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40