«Көктем шуағы» атты шара

6 наурыз күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлері мен Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымының бірігіп аналарға арнаған дайындаған дәстүрлі «Көктем шуағы» атты шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданы Онды ауылының ардақты аналары: зейнеткерлер Байдеева Секер мен Нұрғали Қиясбибі, Онды ауылы әкімдігінің қызметкері Олжабаева Роза және «Отпан» МКҚК қызметкері Шораева Жеміс, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстазы Раханова Түзел қатысты.

Шараны жүргізуші бұл мерекелік шара жылда өткізіліп келе жатқан дәстүрлі шаралардың бірі екенін, бұрын Таушық, Жыңғылды, Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Жармыш елді мекендерінің аналарымен кездесу өткен болса, биыл Онды ауылының аналарымен кездесіп отырғандарын айта келіп, шараға қатысушыларды қонақтармен таныстырып өтті.

Аналарға сөз бермес бұрын жүргізуші олардың қысқаша өмірбаяндарымен таныстырып өтті. Содан кейін аналар өткен өмір жолдарын әңгіме ете отырып, оқушыларға өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын  көрсетіп, олардың сұрақтарына жауап берді. 

Аналарға арнап С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Сара Сейітмұратова «Ана туралы монологты»,  8-сынып оқушысы  Айткүл Өтепберген халық әні «Балапан қазды», 6- сынып оқушысы  Бейбарыс Рахымжан жергілікті сазгер Е.Қорабаевтың әні «Қаратауды», 5- сынып оқушысы  Ақылбек Текебай ана туралы көркемсөз орындаса, мекеме ардагері Данияр Аралбаев авторлық әндерін айтып берді.

Шара соңынан аналарға «Отпан» МКҚК атынан сый-сияпат жасалды.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 14:29  Оқылған саны: 18342




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40