«Халықтар достығы – бірлікте»
7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6 этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян Асмик, қырғыз ЭМО-ның өкілі Шарабидинов Исак, дағыстан халықтары ЭМО-ның өкілі Мухтаров Мурат, корей ЭМО-ның өкілі Ким Александр, «Вайнах» ЭМО-нан Коригов Хасан тағдырлары қыл үстінде тұрған кезеңде жатсынбай, кең құшағын ашқан қазақ халқына қарыздар екендіктерін ризалық сезіммен айтып берді. Ұйғыр ЭМО-ның өкілі Асматова Айтунам ханым «Қоғамдық келісім» МКМ қызметкерлері, Ақтау қаласы №13 гимназиясының оқушылары, Ақтау қаласы «Ақтау» коледжінің студенттері және «Отпан» ауылдық округының әкімі Орақ Морханов қатысты.«Қоғамдық келісім» МКМ маманы Күміскалиева Қамқа құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді. ЭМО өкілдері сөз сөйлеп, қазақ халқына, Елбасыға алғыстарын айтты. Ұйғыр ЭМО өкілі Асматова Айтунам арнайы пісіріп әкелген ұйғырдың ұлттық тағамы саңзадан қатысушыларға ауыз тигізіп, ұйғырдың ұлттық киімімен ұлттық биін орындап берді.
18 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».
09 қазан 2025
Отпан тауда шеберлік сабағы өтті.






























