«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан Қонарбаев, Рза Оңғарбай, Базархан Сүйеуов, Ахметжан Домбаяқ, Сарсен Қодыр, сықақшы және тележурналист Қожахмет Демеубергенұлы, сазгер және ақын Данияр Аралбайұлының қатысуымен поэзияға байланысты пікір алысу, кездесу болып өтті.

Кәсіпорын директорының орынбасары Д.Аралбай тақырыпқа байланысты баян-дама жасап, кездесу шымылдығын ашып берді. Кездесуді өлкемізге белгілі сатирик, тележурналист Қ.Демеубергенұлы жүргізіп отырды.

Бұл шара өлкеміздегі жас ақындарымыздың басын біріктіріп, олардың талантын, ой-өрісін шыңдау және жастар ортасында ұлттық патриотизмді дамытуға, оларды туған жерін, атажұртын – Отанын сүюге тәрбиелеуге ықпалын тигізді. Шара соңында ақын ағаларының атынан қарт ардагер ақын Б.Сүйеуов бата берді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:26  Оқылған саны: 15370




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40