«Балалар – еліміздің ертеңі»

31 мамырда 1 маусым халықаралық балалар күніне орай «Балалар – еліміздің ертеңі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кәсіпорын қызметкерлері Райса Қаржаубаева мен Құралай Ізімбергенованың басшылығымен Ақсарай алаңында команда аралық және жеке балалар арасында әр түрлі жарыстар: арқан тарту, жіппен секіру, доппен жүгіру ойындары ұйымдастырылды. 

Шара Ақсарай алаңыннан кейін, Ақсарай мұражайы ішінде жалғасты. Қазақстан Республикасы рәміздері орналасқан орталық залда ҚР Әнұраны орындалып, балаларға  рәміздерге байланысты түсінік берілді және мұражай ішінде оларға экскурсия жүргізілді. Жас жеткіншектер ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 14:56  Оқылған саны: 15148




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40