«АЛАШ АРЫСТАРЫ АҢСАҒАН КҮН»

Бүгін "Адай ата - Отпан тау" кешенінде қызметкерлердің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "Алаш арыстары аңсаған күн" атты патриоттық мәдени шара болып өтті. Шараға Тұщыбек ауылының еңбек ардагерлері, ұстаздар, Тұщыбек негізгі орта мектебінің директоры, «Отпан» округінің әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Шараның жүргізушісі мәдениет саласының тәжірибелі маманы, кешен қызметкері Набат Түрікпенбаева. 

Шараға қатысушылар аудан өнерпаздары Дарын Қосай, Ерхат Жақышев, Раушан Теннағимова, Дулат Өрбісінов, Жеңісбек Меңдібай әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін тамашалады. Жүргізуші Набат Түрікменбаева да желтоқсан оқиғасына арнап шығарған «Желтоқсан жұлдыздары» атты авторлық әнін орындап берді. Шара барысында бірнеше кешен қызметкерлері кәсіпорынның Алғыс хатымен марапатталды. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:04  Оқылған саны: 8259




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40