"Тәуелсіз елдің ұланымыз"

23 қазан күні кешенде Республика күніне арналған "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты патриоттық шара өтті. Шараға Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы мектептің және С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларды Отанды, ұлтын сүюге, оның мәдениетін, салты мен тілін құрметтеуге, рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Шараны ұйымдастырған - әдіскер З.Еңсегенова, жүргізген Д.Сырым. Шара барысында Щ.Еңсегенова мереке туралы слайдтармен көркемделген баяндама жасаса, мектеп оқушылары патриоттық әндер мен өлеңдер орындады. Жүргізуші оқушыларға мерекеге орай сұрақтар қойып, нақты жауаптар берілді. Жауап берген оқушылар сыйлықтарға ие болды. С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмахан Ақерке мен Е.Айшуақұлы атындағы мектептің мұғалімі Сабытаева Жазгүл кешен қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Шара соңында бөлім меңгерушісі Ж.Айдарбек қатысушыларға рахмет айтып, ұстаздарға ең бағалы сыйлық-кітап тарту етті.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:03  Оқылған саны: 1476




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40