Отпан тауда майдангерлерді еске алды
3 мамыр күні кешенде Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне орай дәстүрлі «Ер есімі ескірмейді» шарасы өтті. Шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысындағы халқымыздың ерлік пен батырлыққа толы тарихын дәріптеу, соғыстан кейінгі еңбеккерлерінің еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, тәуелсіздік пен бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру, тарихты ұмытпау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Жеңіс үшін болған құрбандықтардың құны – бейбіт өмір екендігін оқушыларға ұғындыру, сезіндіру.
Шара барысында Жармыш ауылының майдангерлері Мыңбаев Қыдырша және Нұрғазиев Мыңтұрғанның ұрпақтарымен, туысқандарымен кездесу ұйымдастырылды. Майдангерлердің туысқандары, көрші, жұмыстастары олардың соғыстан кейінгі өмірі мен қызметі туралы еске алды. Майдангерлердің немерелері ардагер аталар туралы тақпақтары мен әндерін орындап, мұңға батқан көпшіліктің көңілін бір серпілтті. Майдангерлердің медальдары мен грамоталары, түрлі құжаттарынан көрме жасақталып, көрермендер назарына ұсынылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және ауыл әкімі қатысып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Шара соңында қонақтарға кешен атынан естелік сыйлықтар ұсынылды. Майдангерлердің ұрпақтары да кешен қызметкерлеріне гүл мен «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйға тартты.
Соңғы хабарлар
17 маусым 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жариялау туралы
04 маусым 2026
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ – ҰЛЫҚ ТАҒАМ.
03 маусым 2026
БАЛАЛАР КҮНІ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫҚ!

__72714cf9bc028f6455159e1d88847342.jpg)
__48dc0bafac52a143b592a4686e0daf91.jpg)
__864dd74a188313d3d09213a908b577c4.jpg)
__7700f763fa4fc2ef948dcfdf6831f4d8.jpg)
__1d2de86ba17ae16f44dbd925331b9b73.jpg)
__1c6ba6b3b025308b051beed22fbbc45a.jpg)











__0bd43ca4f272e0d564adcf7acc3d1ec1.jpeg)
__92a06c882e53a56735469a7526257dab.jpeg)







__c39f91bc39cbfadd53c136b90eb3d4cc.jpeg)




























