БАЛАЛАР КҮНІ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫҚ!

“Отпан” МКҚК қызметкерлері жыл сайын 1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне орай балаларға “Бала шақтан — болашаққа” атты шараны әр ауылдың балаларына барып ұйымдастырып келеді. Ол ауылдардың ішінде Шетпе, Жыңғылды, Тұщыбек, Шайыр, Таушық, Қызылөзен және т.б. ауылдары бар. Кәсіпорынның жылда ұйымдастырған шарасына балалар да, ата-аналар да дән риза болып, алғысын жаудырып жатады. Кей жылдары бұл шара Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының актерларының балаларға арналған қойылымдары мен Отпан қызметкерлерінің түрлі қызықты ойындары арқылы балаларға қуаныш сыйлайды. Биыл мерекедегі қуанышты кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналды. Ата-аналарының келісімімен балаларды Саура шатқалына апарып, табиғатпен таныстырып, экскурсия жүргізілді. Одан әрі теңіз жағалауында палаткалары құрылып, балаларды тамақтап алып, түрлі ойындар ойнатып, командалық жарыстар өткізді. Ойын соңында бар балаларға тәттілер таратып, мәз-майрам болды. Балалардың да, таза ауада бір сәт демалған ата-аналары да ұйымдастырушыларға үлкен ризашылығын білдірді. Ата-ана үшін бірінші бақыт - балалапының қуанғанын көру, олардың албыраған қуанышты жүзі! Жер бетіндегі барлық баланың жүзінен күлкі кетпесін, аспанымыз ашық, бейбіт заман болсын! 

Жәрияланған күні: 3 маусым 2026Оқылған саны: 46