"Отпан QUIZ" ойын-шарасы ұйымдастырылды

11 ақпан күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері арасында тапқырлық пен біліктілікті шыңдауға арналған "Отпан QUIZ" ойын-шарасы ұйымдастырылды. Шараны кешеннің экскурсия жетекшілері Тайман Талант пен Асылгереев Нұртас ұйымдастырып, жүргізді. Шараға кешен қызметкерлерінен құралған "Көкбөрі", "Қаратау" және "Зерек" атты 3 топ қатысты. Жарыс  Кіріспе, "Қисын"  және "IQ батыр"  аталған 3 кезеңнен,  әр кезең 10 сұрақтан тұрады. Сұрақтар түрлі бағытта: тарихи, спорттық, логикалық, т.б. қатысты болды. Жарыс арасында демалыс кезінде әзіл мен күлкіге құрылған бейнероликтер жіберілді. Жарыс қорытындысы бойынша "Көкбөрі" тобы 1-орынды, " Қаратау" мен "Зерек" топтары 2, 3-орынды иеленді. Жүлдегер топтарға диплом, Алғыс хат пен заттай сыйлықтар тапсырылды. Жарыс кезінде тапқырлық пен белсенділік көрсеткені үшін Сағынова Балшырын ерекше марапатталды. 

Жәрияланған күні: 12 ақпан 2026Оқылған саны: 13




12