"Биіктік" - Ақтауда!

29 тамыз күні  ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән орындаушылардың қатысуымен дәстүрлі "Биіктік"  шарасы өтті. Шараның мақсаты: өлкемізде гитара аспабында орындаушылардың өнерін насихаттау және кең таралуына ықпал ету. Шара осыған дейін "Адай ата-Отпан тау" кешенінде өткізіліп келген болатын. Шараға Жоламан Көшкінов, Нұрияш Оспанова, Рафхат Ізден, Айгүл Құбаш, Бекслан Аязбаев, Сали Басбаев және "Керуен" тобы сияқты өлкемізге танымал өнер шеберлерімен қатар Райымбек Мизамбаев сынды жас таланттар  қатысты. Қатысушылар Д.Аралбаевтың әндерімен қатар танымал әндерді және өз шығармаларын орындады. Кеш соңынан сазгер Данияр Аралбаев кәсіпорын қызметкерлері мен әншілерге ағалық алғысын айтып, көрермендерге өзінің "Туған жер" әнін орындап берді. "Сегіз арыс" ҚБ алқа мүшелері Дәкеңе шығармашылық шабыт тілеп, гитара аспабын тарту етті. Кәсіпорын директоры Жадыра Кетеева  мекеме атынан Дәкеңе және қатысушыларға естелік сыйлықтар сыйлады. Теңіз айдыны жанында әдемі тымық кеште айтылған әндерден әсерленген көрермендер де өз жандарына  жақын әндерді орындап, рахатқа бөленді. Тарауға асықпаған көпшілік дәстүр бойынша Табылды Досымовтың "Биіктік" әнін  бірге орындауымен кешті аяқтады.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 10:10  Оқылған саны: 2326




21 қыркүйек 2013

"Ақтау қаласының 50 жылдығы"
icon

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата

Жәрияланған уақыты: 12:32  

1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40