«Шеберліктің шежіресін шерткендер»
22 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Қарашаңырақ ғимаратында Шетпе кентінің шебер аналары Қосбаева Күміс, Қалымова Түрмехан, Ақжігітова Айтуғанның қатысуымен «Шеберліктің шежіресін шерткендер» атты шеберлік сабағы болып өтті.
1. Қосбаева Күміс Әбдіқызы. 1956 ж.т. Шетпе кентінің тұрғыны. "Алтын алқа" иегері. Ардақты әже. Қожағұл ауылының келіні. Кеще Жары ауылының қызы. Киіз жабдығын тігумен айналысады. 12 қанат киіз үйдің жабдығын тіккен айтулы шебер. Республикалық көрмелерге де қатынасқан. Ақ ши, шым ши тоқиды. Шиді өзі тартып әкеліп, дайындайды. Бау-басқұр, алатеру алаша, сырғалақтың бірнеше түрін тоқиды. Текемет басады.
2.Қалымова Түрмехан. 1961 ж.т. Шетпе кентінің тұрғыны. Ақ ши, шым ши тоқиды. Бау-басқұр, алатеру алаша, сырғалақтың түрін тоқиды. Текемет, киіз басады.
3. Ақжігітова Айтуған. 1965 ж.т. Шетпе кентінің тұрғыны. Ардақты Әже. Қыз жасауын жасайды. Түйе жүн салып әйел адамның, ер адамның жадағайларын, ішіктерін, бешпенттерін, камзол, кәжекей, кимешек тігеді. Түрлі шашақтар жасайды. Барлық қолөнер иелерінің шеберханалары бар. Осы аталған бұйымдарды жұртшылықтың сұранысы бойынша да жасап, тапсырыстар қабылдайды.
Шеберлер құрылған өрмек пен сырғалақты, шиді тоқып көрсетіп, ұршықты иіріп, киімдер мен көрпелердің қалай тігілетін айтып беріп, ұлттық өнерден шеберлік сабағын өткізді.
Сабақта шебер аналар шәкірттері Күләш, Гүлнұр, Айдананың көмегімен өз қолдарынан шыққан бұйымдарын: бау-басқұр, алатеру, алаша, сырғалақ, ақши, шым ши, ораулы ши, киіз, жадағай, ішік, бешпенттерін, камзол, кәжекей, көрпеқап, шашақтарын, иірілген, келептелген түрлі-түсті жіптерді көрсетіп көрермендер мен қатысушылардың ықыласына бөленді. Шәкірттері өз кезегінде қол өнерге қалай құмар болғанын, бұл өнерді ұстаздарынан қалай үйренгендерін айтып берді.
21 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 желтоқсан 2025
Ақтау — 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».











































